Индерлік қос отбасы марапатталды

Атырау облыстық «Парасатты отбасы» онлайн байқауы карантиндік шектеу шараларына байланысты онлайн түрде өткізілді.

Байқауды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті және «Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы» стратегиясын басшылыққа ала отырып, парасатты отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырды.

Байқау шартына сәйкес әр отбасы мүшелері парасатты отбасы құндылықтарын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой-пікірлерін және өз отбасындағы ұстаным туралы бейнероликтерді әлеуметтік желілерді жариялап, әрбір қатысушыдан келген бейнероликтер қазылар алқасымен жеке-жеке сарапқа салынды. Былтыр байқауға 13 отбасы өтініш білдірсе, биыл олардың саны 25-ке жетті. Байқаудың үздік деп танылған отбасылары 18 қараша күні Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында марапатталды.

medeshovtar

Атап айтсақ, «Өнегелі отбасы» номинациясымен Индер аудандық Құрманғазиевтер отбасы, «Шебер отбасы» номинациясымен Индер ауданындағы үлгілі отбасылардың бірі Мендешевтер отбасы, «Ынтымақты отбасы» номинациясымен махамбеттік Талғатовтар отбасы марапатталды. Жүлделі бірінші орынды Бөкеновтер отбасы (Жылыой ауданы) жеңіп алса, екінші орынды Төлеуовтер (Жылыой) мен Ғафуриновтар (Қызылқоға ауданы) отбасылары иеленді. Сондай-ақ, жүлделі үшінші орынға Қарабаллиндар (Исатай ауданы) мен Берегеновтер отбасы (Қызылқоға ауданы) ие болды.

Барлық марапатталушыларға дипломдар мен гүл шоқтары және естелік сыйлықтар табыс етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521