Индерлік оқушылар облыстан жүлделі оралды

Атырау қаласында өткен еліміздің білім беру ісінің үздігі, домбырашы, дирижер Боздақ Рзақанов атындағы VIII облыстық жас орындаушылар сайысында индерлік оқушылар өнерлерін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Атап айтар болсақ, домбырадан кіші топ бағамы бойынша Елемес Әлижан 3 орын, Қуанай Халид алғыс хат, домбырадан үлкен топ бағамы бойынша Шахриза Қайырғали 2 орын, Асығат Асхат алғыс хат, ал дәстүрлі ән бағамында кіші топта – Гүлхан Нығметолла 2 орын, Жанарыс Өрбісін алғыс хат, орта топта – Шырай Дәулетқали диплом, Шалқар Сағидолла алғыс хат, үлкен топта Фариза Саламат 2 орынға ие болды.

Сонымен қатар, баян аспабында ойнау бойынша орта топта Қарақат Ерлан 3 орын, қобыз аспабы бағамында кіші топта Сезім Максим мен Жарқынай Сайранова алғыс хатқа ие болса, орта топта Мөлдір Исламғали 3 орын, Нұрай Алиева дипломмен марапатталды. Ал, «Баламайсан» балалар оркестрі 3 орынды жеңіп алды.

Осы орайда, оқушыларды жанжақты дайындаған жетекшілері Раушан Иманбаева, Гүлбаршын Сариева, Айнұр Нуриева, Гүлсара Адайбекова, Самал Өмірзақова, Құралай Досымова, Айнагүл Жапашева, Айнагүл Төлекенова және «Баламайсан» балалар оркестрінің жетекшісі Асылан Құбаевтың еңбектерінің ерекше екендігін айта кеткен жөн.

– Биыл сегізінші рет өтіп отырған байқауға мен дәстүрлі ән орындаушылар бағамы бойынша төрт бала қатыстырдым. Олар үш топта өнер көрсетті. Дәлірек айтқанда, үлкен және кіші топтағы оқушыларым екінші орынды иеленсе, орта топ дипломат атанды. Бұндай сайыстар балаларды ширай түсетіні анық. Алдағы уақытта да жоғары деңгейде өнер көрсететінімізге сенімдімін, - деді жетекші Гүлбаршын Сариева. Сайыс туралы Индер балалар өнер мектебі оқу ісінің меңгерушісі Самал Өмірзақова:

– Бұл сайыс кәсіби деңгейдегі сайыс болып табылады, әрі үш жыл сайын өтіп тұрады. Қала мен барлық ауданнан келген барлығы он екі оркестрдің ішінен үшінші орынға ие болдық. Шынымен өте тартысты байқау болды. Сайыс соңынан мұғалімдермен бірге пікір алмасып, сын-ескертпелерді түртіп алдық. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстанып, оң нәтиже шығаратын боламыз. Осы ретте оркестрге он күн ішінде киім тігіп берген тігінші Нұрбек Алмашевқа алғысымыз шексіз,- деді бізбен әңгімесінде.

Н.ЖАДЫРА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521