Бөбекжай бүлдіршіндері жүлделерді жиып алды

Балалардың «Достар дауысы» халықаралық фестивалі жақында қорытындыланып, жеңімпаздары анықталды.

Мәсеен, Индербор кентіндегі «Балдәурен» бөбекжайының бүлдіршіндері «Достар дауысы» халықаралық фестивалінде жүлделерді жиып алды. Олар фестивальде музыка жетекшісі Гүлнәр Хайырлиеваның жетекшілігімен атап айтсақ, ұлттық аспаптар үнімен бас жүлде жеңіп алса, балалар хорымен – 1 орын және би жанры бойынша 2 орынның иегері атанды.Сонымен қатар музыка жетекшісі Гүлнәр Ханатқызының өзі де фестивальдің арнайы жүлдесіне ие болды.

-Биыл пандемияға байланысты фестиваль өтетін қалаға бармай-ақ шығармаларымызды қашықтықтан жолдап едік. Сәтін салып бүлдіршіндермен жұмыстағы еңбегіміз бағаланыпты. Әрі арнайы жүлде аламын деген ойым да жоқ еді, - деді ол.

Айта кетейік жоғары санаттағы Гүлнәр Ханатқызы Қаскелең педагогикалық училищесі мен Алматы қыздар педагокалық институтын музыка мамандығы бойынша тамамдаған. Алғашында Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев атындағы мектепте, кейінгі ұзақ жылдардан бері «Балдәурен» бөбекжайында жемісті еңбек етіп келеді. Ол бұған дейін де «Үздік музыка пәні мұғалімі» төсбелгісі, «Өнерге үлес қосқаны үшін» медалі сынды, тағы басқа да марапаттардың иегері атанған еді. Жас ұрпақтың өнер жолын ашып жүрген ұстазға әрдайым да еңбегі жана берсін дейміз.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21