Атырауда заманауи өнердің ерекше көрмесі ашылды

««Sheber. The body and rituals» көрмесіне әртүрлі техникада жұмыс істейтін Қазақстанның 8 суретшісінің шығармашылық жұмыстары қойылған, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Еліміздің өзге өңірлерінен келген Ғалым Маданов, Зәуреш Терекбай, Гүлнұр Мұқажанова, Жанна Нөгербек, Нұрбол Нұрахмет, Сержан Баширов, Меруерт Құнақова және Дарья Нұртазина сынды 8 суретші көрмеге өз туындыларын әкелді. Авторлар кескіндеме, графика және мүсіншілер саласындағы әртүрлі жанрлар, соның ішінде жаңа бағыт – сайарсизм туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Экспонаттардың кейбірі ата-бабаларымыздың көшпелі тұрмысына үңілуге септеседі. Өйткені, қолөнершілер мен суретшілер өз техникаларында көшпелілердің күнделікті өмірде пайдаланған киіз, ағаш, керамикалық бұйымдарын қолданған.

– Әлем алға жылжып, зауыттар салынып, роботтандыру қол еңбегін алмастырып жатқанымен, жергілікті жұмыс күшіне сұраныс әлі де өзекті болып отыр. Халықтың өнерге деген көзқарасы өзгерген жоқ, олар өнер адамдарының жауһар туындыларын көргісі келеді, оларды жоғары бағалап, қолдау көрсетеді.Бұл көрме күнделікті күйбең тірліктен демалып, өнерден ләззат алатын, әлемге басқа көзбен қарайтын жер ғана, – дейді «Sheber.

The body and rituals» жобасының авторы, шебер Әсел Ахметжанова. Қонақтар көрмені 2022 жылдың 10 қаңтарына дейін тамашалай алады. Көрмеден бөлек орталықта тілек білдірушілер мен жас суретшілер үшін дәрістермен қатар шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Көрме «YEMAA» орталығында (Құрманғазы көшесі 12) өтеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT