Атырауда республикалық ақындар айтысы басталды

Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған «Қалың елім, қазағым!» атты Республикалық ақындар айтысы басталды.

Атырау облысы әкімдігі қолдауымен Қазақстан жазушылар одағы Атырау облыстық филиалы ұйымдастырып отырған жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен 24 ақын қатысуда.

img-20201120-wa0018

Шараға арнайы қатысқан Атырау облысы әкімінің  орынбасары Бақытгүл Хаменова жыр жүйріктерін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің атынан құттықтап, ақындарға сәттілік тіледі. Айтыстың жүргізушілік тізгінін Жүрсін Ерман өз қолына алды. КСРО және Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері, театр және кино актері Асанәлі Әшімов бастаған қазылар алқасы екі күнге созылатын додада айтыскер ақындар өнеріне баға бермек.

img-20201120-wa0017

Айта кетейік, «Қалың елім, қазағым!» республикалық ақындар айтысының финалдық кезеңі ертең Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында өтеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521