Атырауда Абай ескерткіші бой көтереді

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов: « Атырауда Абайдың 175 жылдығына орай ескерткіш орнатылады» Атырауда Абайдың 175 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атаулы шараға жазушы, драматург Роллан Сейсенбаев, белгілі жазушы-журналист Мереке Құлкенов, көрнекті ақын Светқали Нұржанов қатысты. Абайдың мерейтойын тойлауда «Абай жаққан бір сәуле өшпеу үшін » атты әдеби - музыкалық театрландырылған қойылым сахналанды.

abaj1

Аталған сахналық қойылым Ұлжан ананың ұлы Абайды өмірге әкелген сәті мен әкесі Құнанбайдың халықтан сүйінші сұрағаны, Құнанбайдың ұлына Ибраһим деп есім бергені және өмірінің жарқын сәттері көрсетілді. Мерекелік шарада облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов атыраулықтарды құттықтап, Атырауда ұлы ақын Абайға арналған ескерткіш орнатылатындығын жеткізді.

abaj2

- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын әлемдік деңгейде атап өтуді тапсырған болатын. Бүгін өңірімізде осыған орай салтанатты кеш өтіп жатыр. Абай - қазақтың ұлы тұлғасы. Абай - дана, Абай - дара қазақта. Сондықтан, Абайдың айтқан қара сөзі, әрбір өлеңі қазақ халқының қазынасы деп білеміз. Халыққа керек ақыл-ойларын өскелең ұрпаққа өсиет етіп қалдырды. Қаламызда қазақтың бас ақыны Абайдың 175 жылдығына орай ескерткіш орнатылатын болады. Ісіміз берекелі, еліміз мерекелі болсын, - деді аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов.

a

Сондай-ақ, кеш барысында Абай Құнанбайұлының "Көзімнің қарасы", "Айттым сәлем, Қаламқас" "Желсіз түнде жарық ай", т.б әндері орындалды.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика