ALTYN BARYS инвестициялық монеталары сатылымға шығады

Қазақстан Ұлттық Банкі 2021 жылы 6 мамырда ALTYN BARYS инвестициялық монеталарының сатылымға шығатынын хабарлайды.

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс.

ALTYN BARYS инвестициялық монеталары – 999,9 жоғары сынамалы, сапасы жоғары алтын монеталар.

Инвестициялық монеталардың ерекшелігі – бұл монеталар жасалған металдың өзіндік құны мен салмағына байланысты табыс әкелетіндігінде.

Сондай-ақ, ережелерге сәйкес, инвестициялық монеталарды Ұлттық Банк кері сатып алуға қабылдай береді және олардың құны монетадағы металдың салмағына қарай есептеледі.

Барлық номиналдағы инвестициялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сәйкес кез келген төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазу үшін және аудару үшін қабылдана береді, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

ALTYN BARYS инвестициялық монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Амин Арайлым Асылбекқызы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ

Атырау филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс және

кассалық операциялар бөлімі басшысының орынбасары

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика