31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Жалпы ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең.

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады.

Мысалы, 1993 жылы «жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданса, 1997 жылы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді.

Сол бір зұлмат жылдарда Қазақстанға КСРО-ның түкпір-түкпірінен бес миллионнан астам адам жер аударылып, туған жерінен еріксіз айырылды. Қазақ үшін де өте ауыр кезең болып, 100 мыңға жуық азаматымыз қуғын-сүргінге ұшырап, соның 20 мыңнан астамы атылды. Олардың отбасылары да аяусыз түрмеге жабылып, жылауға да рұқсат жоқтықтан іштен тынып, құса болды.

Сондықтан да әрбір азамат бұл қастерлі күндерден сабақ алып,  бостандық үшін басын бәйгеге тіккен асылдарымыздың есімін еш уақытта ұмытпауға тиіс.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT