10 жасар қазақстандық өнерпаз Италияда фестивальдің финалына өтті

11-14 қазан аралығында Италияда өтетін дәстүрлі халықаралық фестивалге алматылық Әмина Арыстанбек жолдама алды. Sanremo Junior-2021 байқауының финалына өткен 10 жасар қыз Армения, Украина, Ресей, Италия, Мальта және Израилден келген қарсыластарымен бақ сынайды.

Бұл жөнінде Azattyq Rýhy сайты хабарлады. Өнер сайысы әйгілі “ARISTON” концерт залында өтеді. Дәл осы залда атақты Адриано Челентано, Тото Кутуньо, Эрос Рамазотти, Рикардо Фольи, Матиа Базар, Альбано және Рамина Пауер, Анна Герман сияқты итальян эстрада жұлдыздары өнер жолын бастаған. Қазақстандық жас өнерпаз әлемдік танымал туындыларды скрипкада шебер орындайды және вокал бойынша түрлі өнер сайыстарында жеңімпаз атанған.

Ол сахналық қойылым мен хореографиядан да сабақ алады. Maxincubato өнер орталығының тәрбиеленушісі осы күнге дейін 8 халықаралық байқауда жеңімпаз атанған. Ол SanRemo Junior фестиваліне тыңғылықты дайындалды, дейді оның оқытушысы Лейла Болатбек. San-Remo Junior байқауы – Италиядағы айтулы халықаралық өнер сайысы.

Оны БҰҰ UNICEF қаржыландырады. Бұл байқауға жолдама алу үшін әлемнің жүздеген елінен үміткерлер бақ сынайды. Биыл эпидемиологиялық жағдайға байланысты іріктеу турлары онлайн форматында өткен.

Қазақстандағы іріктеудің қорытындысы бойынша Sanremo Junior (Italy) фестивалының дирекциясы мен MIF (Management International Festivals) сарапшылар комиссиясы Әмина Арыстанбекті таңдаған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521