Жеке кәсіпкерлер МӘМС жүйесіне жарнаны қалай төлейді?

Сұраққа толығырақ "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбек жауап берді.

Егер ЖК жалдамалы қызметкерлері болса және қызметі ірі немесе шағын және орта бизнес санатына жатса, олар жеңілдік кезеңінде аударымдарды төлеуден толық босатылады. Өзге жағдайда жеке кәсіпкер өзі үшін ай сайын 1,4 ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5% төлеуге міндетті, оның сомасы 2020 жылы 2 975 теңге. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар МӘМС қанша төлейді және бұл санатқа кімдер кіреді? Өзін - өзі жұмыспен қамтығандарға жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, бірақ 1 175 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін немесе жылына 3,2 млн теңгеге дейін табысы бар барлық жеке тұлғалар жатады. Мұндай азаматтар үшін арнайы оңайлатылған салық режимі – бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) қарастырылған, осы арқылы бірден үш қорға зейнетақы жинақтау, әлеуметтік сақтандыру және медициналық сақтандыруға қатысуға болады. Республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін БЖТ мөлшері 1 АЕК немесе 2 651 теңге. Басқа елді мекендерде тұратын адам - дар үшін - 0,5 АЕК немесе 1 326 теңге. Салық Кодексінің 775 бабына сәйкес бұл төлем 1 қаңтардағы АЕК мөлшеріне қарай белгіленеді. Сондай-ақ, бұл төлемді әрбір есептік айда төлеу қажет екенін ескерген дұрыс. Егер төлем қандай да бір себептермен дер кезінде төленбеген жағдайда, берешекті дербес төлеуші ретінде 1 ЕТЖ-дан 5% немесе 2 125 теңге төлеуге болады.

 

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521