Соңғы тәулікте Индерде тағы 12 адамның Covid-19 жұқтырғаны анықталды

Тәуліктік антирекорд: Атырау облысында Covid-19 жұқтырған 627 адам анықталды. Атырау қаласы, Теңіз кен орны және Жылыой ауданы инфекцияның негізгі ошақтары , деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 620 науқас анықталды.

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 430 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 75 науқас анықталды. Инфекция облыстың аудандарында да таралуда.

Жылыой ауданында - 46,

Индер ауданында - 12,

Исатай ауданында - 14,

Қызылқоға ауданында - 15,

Құрманғазы ауданында - 15,

Мақат ауданында - 10,

Махамбет ауданында-10 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 420 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 207 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 284 адам емделді.

Қазір ем алуда: - үй жағдайында 6 070 адам, - модульдік ауруханада - 174, - екінші облыстық ауруханада-183 науқас, - фтизиопульманологиялық орталықта - 103, - кардиоорталықта - 106, - т / ж ауруханасында-101 пациент, - аудандық инфекциялық стационарларда-399, - облыстық ауруханада-137 науқас, - жатақханаларда - 129, - Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда-428 адам.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы "қою қызыл" аймақта орналасқан.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT