Соңғы тәулікте Атырау облысында 2 921 тұрғын екпе алды

Өңірде халықты covid-19 ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

20 тамыз бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 2 921 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 31 дәрігер, 123 педагог, 127 студент, 5 жабық мекеме, 3 құқық қорғау орган қызметкерлері, 47 мемлекеттік қызметші, 197 созылмалы ауруы бар науқастар, 2 359 жергілікті тұрғын. 2021 жылғы 1 ақпан мен 20 тамыз аралығындағы кезеңде барлығы 176 209 адам Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді.

Вакциналардың II компонентін 125 520 жергілікті тұрғын алды. Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді.

Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 - 02 - 92

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT