Шұғыл! Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус жұқтырған адамдардың зертханалық сынамаларын зерттеп, алдын ала болжам бойынша «үнді» штаммын анықтады.

Инфекцияның жаңа түрінің жұғу қаупі жоғары. Оның салдарынан адам саңырау болып қалуы да мүмкін. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағында үнді штаммының таралу ықтималдығын анықтады. Нұр-Сұлтанда аурушаңдықтың күрт өсуіне байланысты денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырған науқастардан алынған оң зертханалық үлгілердің ПТР скринингін өткізген.

«Скрининг нәтижелері бойынша «Дельта» штаммына («үнді» штаммы) тән мутацияның ықтималдығы анықталды. Мутацияның бары және оның «Дельта» штамына жататыны ДНҚ үлгілерін толық геномдық секвенирлеу аяқталғаннан кейін белгілі болады», – делінген хабарламада. Ведомстворалық комиссияның ақпаратынша, коронавирустың «Дельта» штаммы жоғары жұққыштығымен ерекшеленеді және анықталған штаммдарға қарағанда 60%-ке тез жұғады.

Қазіргі айналымдағы штаммдар 1 адамнан орташа есеппен 3-4 адамға таралса, «үнді» штаммы 5-6 адамға бірден жұғады. Инкубациялық кезеңі небәрі 7 күнге созылады. Сонымен қатар «үнді» штаммын жұқтырғандардың буындары мен іші ауырады, жүрегі айнып, лоқсиды, тіпті, ауру салдарынан саңырау болып қалуы әбден мүмкін, аяқтардың микротромбозына әкеп соғады. Соңғы зерттеулер коронавирустың «үнді» штаммымен ауырғандар арасында аурухана төсегіне таңылғандар және қайтыс болғандар көбірек екенін көрсетті.

Осыған байланысты денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығы мен жақындарының өміріне аса сақтықпен, жауапкершілікпен қарауды сұрайды. Ведомство азаматтарды инфекциядан сақтану үшін COVID-19-ға қарсы вакциналаудың толық курсынан өтуге шақырды. Сондай-ақ бетперде тағу, арақашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және тағы басқа профилактикалық шараларды сақтаған абзал. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, SARS-CoV-2 «Дельта» штаммы әлемнің 74 елінде анықталған.

atr.kz

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521