Сауда орындарындағы санитарлық талап әлі де сын көтермейді

Тазалық тек оны сақтаған жерде ғана болады десек те бүгінгі төтенше жағдай кезінде мобильдік топпен бірге сауда орындары мен базарларда болғанда осы мәселе әлі өткір тұрғанын дәрігер ретінде ерекше көзге түсетінін айтпасыма болмай отыр.

Президентіміз республикалық комиссия отырысында «Халық баратын қоғамдық орындарда санитарлық талаптары сөзсіз орындалуы тиіс. Мұндай жағдайда «үнемдеуге» және оңтайландыруға» жол жоқ» деген сөзіне дәрігер ретінде толық қосылып, қолдаймын.

Жасыратын несі бар бүгінгі індет жағдайында барлық орындарды күнінен екі рет санитарлық дезинфекциялық зарарсыздандыру жүруі тиіс. Осыны басқа орындарды айтпағанда, өте қажет сауда орындары мен базарлар сақтап отыр ма?!

Міне, осы мәселеге әр басшы мен кәсіпкерлік нысанның иесінің қатаң назар аударуы керек-ақ. Негізі  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің №169 және ҚР сауда және интеграция министрлігінің №53НК бірлескен бұйрығына сай тиісті орындар 3 сағат сайын күшейтілген дезинфекциялануға жатады. Осы бұйрықтарда сауда орындарында тұтынушылар кезекке тұрғанда кемінде бір метрлік қашықтықты сақтауға міндетті екендігін біліп, қатаң сақтаулары тиіс.  Осы және басқа да қарапайым заңдылықтарды тұтынушылар түгілі сатушылардың өздері де толық білмей жатқаны өкінішті. Ал сатушылардың антисептикті пайдалануы, сауданы тиісті киімін және масканы киіп, қолғаппен жұмыс істемейтіндіктерін күні кеше жедел топпен аралап шыққанда көріп, арнайы ескертулер жасалды. Бірақ оның орындалуы әлі күнге сын көтермейді.

Сонымен қатар сырқаттанушылармен қатынаста болып, оларды емдеумен айналысатын дәрігерлермен де семинарлар мен оқу-жаттығулар өтікізілді. Олардың жеке бас қауіпсіздігін сақтауы, жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі, оны пайдалана білуі де бақылауға алынды.

Ал республикалық Атырау-Орал жолы бойына орнатылған блок-постыда біздің үш қызметкеріміз жұмыс істейтін болады. Тағы бір қызметкеріміз бүгінде Алматыдағы әріптестеріне көмектесіп жүр. Қайткенде де көп болып күресетін індеттің сан құпиясын, соның ішінде сақтық шараларын алдымен өзіміз және тұрғындар жақсы меңгеріп, керек сәтте шебер пайдалана білуі тиіс.

Шолпан ЕРЖАНОВА,

аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының

басшысы, аудандық жедел топтың мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT