Отандық ғалым әзірлеген гидрогель көмегімен 15 адамға ота жасалды

Қазақстандық ғалымдар әзірлеген бірегей фибринді гидрогельді қолдану арқылы 15 адамға тізе буынының шеміршегін қалпына келтіру операциясы жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

«Үш ай ішінде фибринді гидрогельдің клиникалық сынақтары аясында 15 еріктіге ота жасадық. Пациенттердің көпшілігі - буындарында жасына байланысты өзгерістері бар адамдар. Операция 15 минуттан 25 минутқа дейін созылады. Сондай-ақ, барлық операция штаттық режимде жасалды. Науқастардың сауығу кезеңі алты айға созылады, бірақ егде жастағы науқастар үшін қалыпқа келу уақыты ұзағырақ болуы мүмкін. Осы кезең өткеннен кейін алғашқы нәтижелерді жариялай аламыз», - деді қазақстандық ғалым, Ұлттық биотехнологиялық орталық дің жасушалары зертханасының меңгерушісі Вячеслав Огай.

Ғалымдардың айтуынша, ұқсас диагноздармен емдеудің бірнеше әдісі бар, бірақ гидрогельді қолдану - зақымданған буындар мен шеміршекті толығымен қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жалғыз әдіс. Ол ҚР БҒМ ғылымды мақсатты қаржыландырудың 2021-2022 жылдарға арналған бағдарламасы аясында әзірленген.

Жобаға Ұлыбритания елшілігі қызығушылық танытып отыр. Клиникалық сынақтар академик Н.Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығында наурыз айында басталды. Зерттеудің алғашқы екі кезеңі осы жылдың соңына дейін жалғасады.

Кейін бірнеше орталықта клиникалық сынақтар өткізіледі. Нәтижесінде биомедициналық препарат тіркеліп, оны жаппай өндіру және қолдануға мүмкіндік пайда болады деген жоспар бар. Процедура ақылы да, квота бойынша тегін де жасалмақ.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521