Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 769 адамға жетті

Атырау облысында Covid-19 инфекциясының тағы 142 жағдайы тіркелді. Ол жөнінде Жедел штаб хабарлама жасады.

Штаб ақпаратына сәйкес, індет жұқтырғандардың барлығы - Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар кен орнынан тұрғылықты жеріне жету дайындығынан өткен жұмысшылар қатарында.

Қазіргі уақытта бекітілген алгоритмге сәйкес, олар инфекциондық стационарға жатқызылды.

Осылайша, Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 769 адамға жетті. Оның ішінде 689 адам - Теңіз кен орнындағы жұмысшылар. Қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны – 174.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521