Әлемді жаулаған індетті жеңудің бірден бір жолы - вакцина алу

Жыл басында жұқпалы індеттің ауылы алыстағандай болып еді, соңғы күндері қауіптің бұлты қайта төніп, облыс бір-ақ сәтте сарыдан қызыл аймаққа қайта енді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, облыста бір тәулікте 290 адам короновирус инфекциясына шалдықса, 790 тұрғын ем  қабылдап жатыр.

Демек, індетті ауыздықтаудың жалғыз жолы – сақтық шараларын сақтап вакцина салдыру екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Күні кеше Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №31 Қаулысында вакцинаның бірінші компонентін 15 шілдеге дейін, ал екіншісін 15 тамызға дейін алу қажет деп анық көрсетілді. Олай болмаған жағдайда апта сайын ақылы ПТР тестті тапсыру арқылы жұмысқа қосылу қадағаланатын болады. Аудандағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп директоры А.Меңдігерееваның айтуынша, күні бүгінге дейін 109 педагогикалық қызметкердің, оның ішінде кітапханашы, лаборант, психолог, әлеуметтік педагогтің 55-і екпе қабылдапты. Жалпы ұжым қызметкерлері екпе алуға қарсылық танытып отырған жоқ екен.

-Әлемді жайлаған коронавирус инфекциясын жеңудің бір жолы – вакцина алу. Қазір мектептегі 109 мұғалімнің екеуінің қолында анықтамасы болса, ал жиырма алтысының түрлі себептері анықталып отыр. Ал қалғандары кезең-кезеңімен науқаннан шет қалмай, орталық емханада коронавирусқа қарсы екпе алуда. Әрине, біз үшін бұл өте маңызды қадам. Өйткені 2021-2022 оқу жы- лын дәстүрлі оқу форматына көшу үшін біз толықтай екпеден өтуіміз қажет. Жалпы өзім тұрғындарға вакцинадан қорқудың еш қажеті жоқ деп айтар едім. Мен саналы түрде, еш күмәнсіз екпе алдым, ешқандай асқынулар болған жоқ,-дейді ол.

Ал аудандық жастар ресурстық орталығы директоры А.Қабижаннан бастап мамандары коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған ресейлік «Спутник-V» вакцинасын алды. -Орталық қызметкерлерінің 60 пайызы вакцинациялаудан өтті. Әрине алғашқыда қызметкерлер бір-екі күн өздерін сәл қолайсыздау сезінгенімен, кейін ауруға қарсы иммунитет қалыптасқан соң, қалыпты өмірге қайта оралды. Бұл күнделікті жұмысымызды алаңсыз атқаруымызға қолайлы жағдай туғызды. Аудан жастарын өз денсаулықтары мен жақын-туыстары үшін вакцина алуға шақарамын,-дейді ол.

Жалпы өңірімізде халықты «Сovid- 19»-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда. 1 ақпан мен 11 шілде аралығында барлығы 115 019 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілсе, II компонентін 61 094 жергілікті тұрғын алды. Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Қазір 46 науқастың жағдайы ауыр, 6 пациент ӨЖЖ аппараттарына қосылған деп хабарлады. Бүгінгі таңда реанимация бөлімшелерінде 46 пациент жатса, олардың 6-уы ӨЖЖ аппараттарына қосылып, жүктеме 42,6% (108 орынға) құрады. Аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г.Уразалиеваның берген мәліметіне сүйенсек, 1 шілде мен 12 шілде аралығында «COVID-19»- дың расталған 87 жағдай тіркелді.

Анықталған жағдайдың 65-і сим- птомды, 22-сі симптомсыз түрі. Тарқатып айтсақ, 43 жағдай Индер- бор кентінен оның 34-і симптомды, 9-ы симптомсыз, 16 жағдай Жарсуат ауылынан оның 10-ы симптомды, 2-і симптомсыз, Бөдене ауылынан 6 жағдайда симптомды, 12 жағдай Есбол ауылынан оның 7-і симптомды, 5-і симптомсыз, Елтай ауылынан 3 жағдай оның 2-і симптомды, 1-і симптомсыз, Көктоғай ауылынан 2, Ынтымақ ауылынан 3 жағдай симптомсыз, ал Аққала ауылынан 1 жағдай симптомды түрімен тіркелген. Тек ауру ошағы Өрлік ауылында расталмаған.

-Науқастардан сұрау барысында көпшілігінің қонаққа, бесік тойға, садақаға барған, сонымен қатар үйлерінде той, құдалық өткізгендермен қатар ауданнан тыс жерлерге ұжымдық шараларға барғандары анықталып отыр. Яғни, қауіпсіздікке қатысты талаптардың сақталмауы осындай жағдайға әкелуде. Бұған қоса коронавирустық инфекция адамдардың ауырып үйге жедел жәрдем шақыруы бойынша (самообращение) симптомды түрімен анықталуымен қатар, жұмысқа барар (вахтаға) алдында немесе жүкті әйелдердің кезекті ПТР сынама тапсыруы, жоспарлы портал арқылы ем алу алдында тапсырған ПТР сынамаларынан «COVID-19» оң мәнді анықталуда,-дейді ол. Түйіндей айтқанда, әлемдік пандемияға айналған коронавиру- сты вакцинациялау арқылы тоқтата алатынымызға ғалымдар сенімді.

Сондықтан бұрынғы қалыпты жағдайға көшеміз десек онда қорықпай, қауесетке ермей екпені қабылдауымыз қажет-ақ.

Д.АЙБАР

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика