«Қазақстан халқына» қоры орфандық ауруы бар 490 азаматқа 62,3 млрд теңгенің көмегін көрсеткен

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазақстан халқына» қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында медицина саласындағы қайырымдылық көмектер туралы мәлімет берді.

- Қор 2022-2024 жылдары орфандық ауруы бар 490 азаматқа 62,3 млрд теңге көлемінде көмек көрсетті. Оның 371-і бала. Қор онкологиялық және онкогематологиялық ауруы бар 1284 азаматқа 14,76 млрд теңгеден астам көлемде көмек көрсетті, - деді Болат Жәмішев.

«Қазақстан халқына» қоры 2023-2024 жылдары балаларға көрсетілетін нейрохирургиялық қызметті дамыту үшін 19 өңірде 22 медициналық ұйымды жабдықтауға атсалысқан.

- Орфандық науқастарды қажетті препараттармен қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлігінің тікелей міндеті екенін атап өткім келеді. Қайырымдылық қоры мемлекеттің функцияларын қайталамауы керек. Тек әлеуметтік көмек аясындағыц бастамаларды толықтырып, қолдауы керек, - деп толықтырды спикер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT