Индер ауданында маман да, дәрі-дәрмек те жеткілікті

Соңғы кездері әлеуметтік желі, телеграмм парақшасында жедел жәрдем қызметіне деген өкпе-реніштің көп айтылып жүргені жасырын емес. Ол қаншалықты шындыққа сай келеді?

Бұл жөнінде аудандық жедел жәрдем бөлімшесінің меңгерушісі Гүлмира Зайтованың айтуынша, қазіргі таңда атқарылар жұмыс ауқымы да күрделеніп отыр. Әлемдік пандемияның орын алуы салдарынан жұмыс ырғағы да қиындай түсіп отырғанын да жасырып қалмады. Соңғы тәуліктерде жекелеген тұрғындар арасында жедел жәрдем көмегіне сүйенушілер саны күрт өскен. Әр тәулік сайын 48-50 шақырту тіркеледі. Салдарынан ара-тұра уақтылы бармау фактілері де ұшырасып жатады.

-Бүгінгі таңда күндіз 9-17:00-ге дейін 8 сағатқа бір бригада, кешке 17:00-ден ертеңгі 9:00-ге дейін 15 сағатқа бір-бір топтан екі фельдшер халыққа қызмет көрсетіп келеді. Жалпы аудан басында 8 фельдшер, 4 автокөлік жүргізушісі, 3 жедел-жәрдем көлігі бар. Ал халық саны көп шоғырланған ірі елді-мекен Есбол ауылдық округінде кешкі сағат 18:00 бастап ертеңгілік 09:00-ге дейін және сенбі-жексенбі күндері жұмыс істейді. Аталмыш ауылда да 2 жедел жәрдем және 4 фельдшер, 2 автокөлік жүргізушісімен қамтылып отыр,- дейді дәрігер Гүлмира Бағытжанқызы.

Демек, маман да дәрі-дәрмектері жеткілікті мөлшерде қамтылып отыр екен.

-«Covid-19» сырқатына байланысты тиісті сынама алынбай, ол адамның сырқаты білінбейді. Сынаманың нәтижесінен соң ғана арнайы диагноз қойылады. Жедел жәрдем шақыртқан тұрғындар тарапынан аталмыш ауруға шалдыққан фактілер де тіркелді. Абырой болғанда жедел жәрдем қызметкерлері тарапынан ауру жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Сондықтан да барынша сақтық шараларын қатаң сақтап отырмыз,-дейді меңгеруші Гүлмира Зайтова.

С.КӨШЕКОВ

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика