Қазақстанда коронавирусқа қатысты шектеулер ресми түрде алып тасталды

COVID-19 пандемиясының аяқталуына байланысты шектеу шаралары туралы қаулылардың күші ресми түрде жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі сайтына сілтеме жасап.

ДСМ мәліметінше, бас мемлекеттік санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойған. Ол - "Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы".

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Ashyq жобасында халық арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитария дәрігері қаулыларының күші жойылды", - делінген хабарламада.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайтында танысуға болады. Бұл ретте, ДСМ COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлады.

"Вирустың таралуы жалғасып жатыр, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.



ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз