Индер ауданында COVID-19 індетін жұқтырған 6 адам анықталды

Индер ауданында короновирус індетінің 6 жағдайы тіркелді. Осыған орай аудандық санитарлық бас дәрігер Ш.Ержанова тұрғындарға шектеу шараларын қатаң сақтауды ескертті.

Құрметті аудан тұрғындары!

Коррнавирусты инфекция бойынша қауіп əлі де сейілген жоқ. Мемлекет тарапынан блок-бекеттер алынып тасталып, кейбір жұмыс орындарының ашылуымен карантин режимі жеңілдетілгенімен, жұқпалы ауру жоғалып кетпегенін ескермейміз. Оған себеп, кеше - 11.06.2020 жылы Өрлік ауылында тіркелген 3 жағдай. Сырқаттанғандар 65, 67, 78 жастағы əйел адамдар.

Сырқаттанғандардың үшеуі де ортақ жиын- садақада болған. Карантиннің жеңілдеуімен дұға бағыштау рәсімінде адамдар санын шектеу туралы ескерту де естен шыққан. Нәтижесінде 3 ауыл тұрғыны сырқаттанып, Атырау қаласына емдеуге жіберілді, ол адамдардың туған-туысқандары бақылауға алынды. Ауданымызда бұдан бөлек жиын-тойлар мен əр түрлі басқосуларды да жасырын түрде өткізіп жатқан жағдайлар бар. Өкініштісі, құзырлы органдардан жасырғанмен, аурудың қаупінен құтыла алмайсыз.

Қазір тағы 3 адам қосылып отыр. Бірі Өрліктен, екеуі Индер ауданы тұрғындары.

Сол себепті сіздерден аудан халқының денсаулығын сақтау мен жұқпалы аурудан өзіңізді, өзгелерді қорғау мақсатында жиын-тойларды ұйымдастыруды кейінге қалдырыңыздар, садақа жасау барысында адам санын шектеу, дастархан жайып көп адамды тамақтандыру, т.б. шараларды шектеуді сұраймыз. Өйткені сырқаттанушылық саны көбейсе, аудан аумағында карантин жариялануы заңдылық.

Қоғамдық орындарға барғанда, көшеде жүргенде бетперде кию мен қол тазалығын сақтаңыздар. Əсіресе, жас балалар мен қарт кісілердің мүмкіндігінше үйде болуын/ көпшілік орындарға, жиын-тойларға бармауын қадағалаңыздар! Індеттің жойылмағанын, адамдар үшін əлі де қауіпті екенін естен шығармаңыздар!

 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика