Индер ауданы қызыл аймаққа енді (ҚАУЛЫ МӘТІНІ)

Индер ауданы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы Индер ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ҚАУЛЫСЫ

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына, Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 желтоқсандағы №71 қаулысына сәйкес, аудан бойынша инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші R-1,6 негізінде және Сovid-19 коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Индер ауданы "қызыл аймаққа" енгізілуіне байланысты және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында тұрғындар арасында коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларының күн сайынғы өсуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Индер ауданы аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері аудан аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

2. Қазақстан Республикасы Атырау облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы 2020 жылғы 19 желтоқсандағы №71 «Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру;

3. Индер ауданының тұрғындарына:

- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну;

- қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық орындарында, баруға және демалуға арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті;

- 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі;

- барлық аудан тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс береді;

4. Индер ауданы аумағында төмендегі шектеу шараларын енгізу: Индер ауданының әкімдігі, селолық округ әкімдері қамтамасыз етсін:

4.1 көпшілік іс-шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

- банкет залдарының, барлар, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметін тоқтату;

- мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың қызметін тоқтата тұру;

4.2. жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер:

- коронавирустық инфекцияның алдын алуға және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға бағытталған қызметтерді қоспағанда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 60%, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50% «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру.

- жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу, оффлайн режимде өткізбеу. - халыққа қызмет көрсету орталықтарының, (бұдан әрі-ХҚКО), соның ішінде арнайы ХҚКО-ның жұмысы жұмыс кестесін белгілей отырып, ұйымдастырылсын. Карантин шараларын қамтамасыз ету үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға бару Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асыру;

- аудан көлеміндегі барлық кәсіпкерлік нысандар қызметтері (азық-түлік, дәріханаларды қоспағанда) сағат 8.00-ден - 17-00-ге дейін шектетілсін.

- сыныптарда 15 балаға дейін білім мекемелерінде мектеп алды оқушыларына кезекшілік сыныптарының, ата-ана өтініші бойынша 1-4 сыныптарға 15 балаға дейін 5-тен 180 баланы қамтитын мектептердің жұмысына рұқсат беру;

- балалар түзету кабинеттері, балалардың білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) алдын –ала жазылу бойынша жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін;

- мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарындағы (саны 15 баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі керуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуын сақтау;

- медициналық орталықтар, кабинеттер,стоматологиялық клиникалар, (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін;

- халықтың тұруы бойынша қызметтері саласындағы объектілердің (қонақ үйлер және т.б.) түстену залдарының толуы 50% -дан аспасын;

- діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, және басқалар) бір келушіге 30% - дан аспайтын және кемінде 5 м2 толтырылуын қамтамасыз ете отырып, жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Көпшілік іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салу;

- азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс);

- күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым сала отырып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін, сенбіде сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмысына рұқсат ету;

- сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбіде сағат 10.00 ден 17.00 ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% - нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес), олардың ішіндегі азық-түлік, супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.

- қоғамдық тамақтану объектілеріне жұмыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс), фудкорттар тек жеткізу қағидасы бойынша жұмыс жасауға рұқсат етіледі;

- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер, алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (объектінің 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр);

- спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдары алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ғана сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (1 келушіге кемінде 5 ш.м есебінен толтырылуы объект сыйымдылығының 50% - ынан аспайды). Сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұру;

- моншалар алдың алдын ала жазылу бойынша, тек жұмыс күндері 09.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұру;

Жеңіл көліктің (такси) толымдылығы 3 адамнан артық болмауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

5. Индер ауданы әкімдігі және ішкі істер органдарымен бірлесе отырып карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын, мониторинг кестесіне сәйкес күнделікті тексеруді және санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасына ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

6. Индер аудандық ауруханасының басшысы қамтамасыз етсін:

- Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының орындалуын;

- аудан бойынша үйлестіру орталықтарының жұмысын жандандыру, карантиндік іс-шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын; - стационарға жатқызылған және берілістерді қабылдаған науқастарға баруға тыйым салуға;

- медициналық ұйымдарда науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеуді; - денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық дезинфекция және эпидемияға қарсы режимін қатаң сақталуын қамтамасыз етуге;

- медициналық персоналдардың іс-әрекеттерін қарау тасымалдау ошақтарда жұмыс істеу, ауруханаға жатқызу емдеу және науқастарды күтуге байланысты персоналдарды жоғарғы дәрежеде қорғаныш маскаларымен немесе респираторларымен, резеңке қолғаптарымен, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету және қызмет барысында жеке қорғаныш құралдарымен жұмыс жасауды қатаң бақылауға алу;

7. Индер ауданының Полиция басқармасына:

- шектеу шараларын сақтау үшін патрульдер ұйымдастырылсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе сәйкес еместігі анықталса, Индер ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына дереу материалдар жіберу;

- отбасы мүшелерін қоспағанда үш адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, көпшілік адам жиналатын жерлерге, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруіне тосқауыл қоюға;

- сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алуға, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдайды және қауесет пен арандатушылық ақпаратты одан әрі таратуды тоқтатады;

- инфекциялық ауруханаларында, үй карантиніндегі адамдары оқшаулау және қорғау, қоғамдық тәртіптің сақталуына қадағалау;

8. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, Индер аудандық Халық банк бөлімшесі, аудандық Қазпошта, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы, тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, қоғамдық тамақтануды сату обьектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субьектілері, үкіметтік емес ұйымдар:

8.1. Әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізу;

8.2. Ғимараттардағы жабдықтау мен желдеткіштің жұмысын тексеру және тазалау;

8.3. Жұмысшылар мен келушілердің байланыссыз термометриялық және тыныс алу органдарының аурулары белгілерінің болуын тексеруді қамтамасыз ету;

8.4. Сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен, әр екі сағат сайын ауыстырып тұратын қорғаныш маскаларымен, қорғаныш және резеңке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

8.5. Келушілердің нысандарға тек медициналық маскамен жіберуге;

8.6. Дүкендерде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу және қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету, кезектер жасау кезінде обьектілерді үй жайларына өткізу қабілетін ескере отырып кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз ету;

8.7. Кезек орындарында жоғарыда аталған тәртіпті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және азық-түлік бөлімдеріне кірер алында кезекте қашықтықты сақтау туралы ақпараттық тақтаны құруға;

9. Ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалар) аудандық коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі басшысына, округ әкімдеріне:

9.1. Аудандық шаруашылық ауыз су құбырларында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс шараларды күшейтсін;

9.2. Су құбырымен кәріз желілеріндегі апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз ету:

9.3. Қызметкерлерді жеке қорғау құралдарымен (маскалармен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын қарым- қатынасын болдырмау:

10. Индер ауданының ішкі саясат бөліміне, аудан әкімдігіне:

- бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;

- халық үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жадынамалар, оның ішінде шұғыл және апат қызметтерінің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтарды жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесіп әзірлеу;

- аудан тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін.

11. Аудандық СЭБ басқармасы осы қаулыны барлық мүдделі ведмостваларға жеткізсін, әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін;

12. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар орындау үшін міндетті.

13. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.

14. Осы қаулы 2020 жылғы 30 желтоқсаннан сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

А. Қосымбаева

Индер ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика