Hayat-Vax-тың екінші компоненті бәріне жетуі керек

Ертең, 22 шілдеде өңірге Hayat-Vax вакцинасының екінші компонентінің қосымша 1000 дозасы келеді. Бұл туралы «AЖ» сауалына Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Hayat-Vax вакцинасының бірінші компонентін алған Атырау тұрғындары қазір облыста бұл препараттың жоқтығына алаңдайды. Өңірге Hayat-Vax вакцинасының бірінші және екінші компоненттерінің жалпы 35 мың дозасы келген екен. Бүгінде бірінші компоненттің 18 551 дозасы және екінші компоненттің 16 449 дозасы игерілді. 

- Қазіргі уақытта облыстық фармацевтикалық қоймадан Атырау емханаларына екінші компоненттің 220 дозасы жіберілді. 22 шілдеде өңірге екінші компоненттің тағы 1000 дозасы келеді. Hayat-Vax-тың екінші компонентінің қалған 882 дозасы жақын арада жеткізіледі, - деп сендірді облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Осылайша, бірінші компонентті алған барлық адам Hayat-Vax-тың екінші екпесін ала алады. Ал бұл вакцинаның бірінші компонентінің қосымша жеткізілімдері бола ма, жоқ па, әзір белгісіз. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

azh.kz сайтынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521