banner_damu

Екпе алмаған жұмысшыны шеттету дұрыс па? Бас еңбек инспекторының жауабы

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық норма жариялады. Сол нормада жұмыс беруші міндетті вакцинациядан өтпеген қызметкерді жұмысқа жібермеуі керек екені жазылған. Міндетті вакцина алмаған қызметкер ПТР-сынамадан өтуі керек екені де айтылған. Осы нормаға қатысты Қазақстан бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

"Еңбек кодексінің талаптары бойынша бүгінде жұмыс берушілер республиканың немесе өңірдің бас санитария дәрігерінің қаулысын негізге ала отырып, вакцина алмаған және ПТР тестіден өтпеген жұмысшыларды еңбекке араластырмау керек. Еңбек кодексінің 48-бабының 1-бөлігінде заңнамалық және мемлекеттік органдар шығарған актілер негізінде еңбектен шектеуге жол берілетіні айтылған. Яғни Денсаулық туралы кодекс бойынша Бас санитария дәрігердің қаулысын орындау міндетті. Жұмыс берушілер вакцина алмаған жұмысшыларды еңбектен шектеуге құқылы. Тіпті жұмыстан шеттетілген уақытта айлық төлемей де шектей алады. Бірақ екіжақты келісім болса, айлықтың 50% немесе ең төменгі еңбекақы мөлшерін төлей алады. Бірақ екі жақтың да келісімі болғанда ғана осылай болуы мүмкін", - дейді ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика