Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресy күні

Бірінші желтоқсан – бүкіләлемдік жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес күні.

31 жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы  Жыл сайын Жер бетінде осы қауіпті аурудан жүздеген мың адам қайтыс болады.

Атырау облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромына қарсы күрес және алдын алу жөніндегі орталығының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Омарованың айтуынша, аймақта биыл он айда 26 адам АИТВ жұқпасымен тіркелген. Облыстағы ең алғашқы жағдай 1993 жылы пайда болды. Содан бері 329 азамат бұл жұқпаға шалдығыпты. Оның 72- сі – шетелдіктер. Бұл республикалық рейтинг бойынша  аталмыш жұқпаның таралуы негізінде төменгі көрсеткіш болғанымен, бізге «алаңдауға негіз жоқ» деп бейжай отыруға болмайды. Әркім өз саулығы үшін күресіп, ауруды жұқтыру қаупінен алыс болғаны жөн. Сондай-ақ, аталмыш дертке қарсы үгіт-насихат жұмыстарын арттыру қажет. Әрбір азамат ЖИТС орталығына және барлық емханадан арнайы тестіден өтуге болады. Мұнда кез келген адам анонимді түрде тегін тексеріле алады. АИТВ статусты білудің бірден-бір жолы қанды зертханалық жолмен тексеру болып табылады.

Сіздерді денсаулығыңызға ерекше назар аударып, уақтылы тексеруден өтуге шақырамыз. Вирус жұққан адам — вирус тасымалдаушылар, ЖИТС-пен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Вирус көп мөлшерде қанда, спермада, қынап кілегейінде, емшек сүтінде болады. Көз жасында, жұлын сұйығында, сілекейде өте аз мөлшерде болуы мүмкін. Жұғу жолдары. Медицинада дәлелденуі бойынша, ЖИТС-тің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:

— жыныстық қатынас;

— вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);

— анасынан нәрестеге жұғу арқылы

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыстелефондары: : 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931.

Бірыңғайбайланыснөмірі – 1406.

 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21