Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны өсуде, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында 101 адам, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 12 науқастың Covid-19 инфекциясын жұқтырғаны расталды.
Соңғы тәулікте Жылыой ауданының - 6, Қызылқоға ауданының - 2, Индер ауданының - 8, Құрманғазы ауданының - 3, Махамбет ауданының - 1, Исатай ауданының - 2 және Мақат ауданының - 5 тұрғынында қауіпті індет анықталды.
Коронавирустық инфекциясы бар 83 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 97 адам емделді.
Қазіргі уақытта 1149 адам үй жағдайында, 168 - модульдік ауруханада, 95 - облыстық аурухананың инфекциялық стационарында, 59 - фтизиопульмалогиялық орталықта, 141-аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 160 адам емделуде.
Айта кетейік, Атырау облысы - коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта.
ATPress.kz