«Исатай ауданында аурудың күрт өсуі байқалады» деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 470 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 302 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 30 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда.
Жылыой ауданында 40 науқас,
Индер ауданында – 18,
Исатайда – 31,
Қызылқоға ауданында – 12,
Құрманғазы ауданында – 19,
Мақат ауданында – 10,
Махамбет ауданында – 8 адам.
Коронавирустық инфекциясы бар 332 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 138 адамда ауру белгілері жоқ. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 283 адам емделді. Қазір 6 564 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 194, екінші облыстық ауруханада – 190 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 95, кардиоорталықта – 100, т/ж ауруханасында – 107 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда – 419, облыстық ауруханада – 137, жатақханада – 126, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 409 науқас.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.