Ауданда 9 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

Өңірде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 149 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 95 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында 12 науқас анықталды. Ал, 20 - Жылыой ауданында, 9 -  Индер ауданында, 4 - Исатай ауданында, 2 -  Қызылқоға ауданында, 4 - Құрманғазы ауданында, 0 - Мақат ауданында, 3 науқас - Махамбет ауданында анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 90 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 59 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 520 адам емделді.

Қазір 5 278 адам үй жағдайында, екінші облыстық ауруханада  - 24, модульдік ауруханада - 143 фтизиопульманологиялық орталықта - 47 адам, аудандық инфекциялық стационарларда - 42, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

azh.kz 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT