Атыраулықтарға ерікті түрде екпе салу ақпан айында басталады

Атырау облысында ерікті түрде екпе салу ақпан айында басталады, деп хабарлайды ATPress kz

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі бекітетін алгоритмге сәйкес, тұрғындарға ерікті түрде екпе салу вакцинаға жауапты медицина мамандары кәсіби оқудан өткеннен кейін ақпан айында басталады екен.

Ақпаратқа сәйкес, облыс тұрғындарына вакцина жасау үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 22 ұйымда орындар дайындалған. Оның 15-і мемлекеттік ұйым, қалғандары – жекеменшік медициналық ұйымдар. Емханалар вакцина салуды тұрғындардың санына қарай ерікті түрде бастайды.

Алгоритмге сәйкес, екпені бірінші кезекте коронавирус инфекциясымен сырқаттанған науқастарға көмек көрсететін медицина мамандарына салу жоспарлануда.

ATPress kz.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521