Атырауда вакцинация туралы үздік бейнероликтер анықталды

1 миллион теңгені өзара үш бейнеоператор бөлісті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алуға насихаттайтын үздік бейнеролик байқауы қорытындыланды. 6 қыркүйек күні басталған байқау мерзімі екі аптаға созылды. Шараны облыс әкімдігінің қолдауымен "Атырау - Ақпарат" медиахолдингі ұйымдастырды.

- Вакцинация туралы үздік бейнеролик байқауына 20-ға жуық жұмыс келіп түсті. Операторлардың қай-қайсы да роликтерді шығармашылық және кәсіби тұрғыдан түсіруге көңіл бөлген. Барлық материалдар ерекше бағалауға, назар аударуға тұрарлық, өйткені олардың тақырыбы Covid-19 пандемиясымен тікелей байланысты. Байқау қорытындысы бойынша үш жеңімпаз анықталды, олар креативті жастар, барлығы біздің өңірдің тұрғындары, - деді "Атырау-Ақпарат" медиахолдингінің директоры Ысқақ Егембердиев.

100500200

Жүлде қоры 1 миллион теңгені құраған байқау қорытындысымен 1 орынды Нұрсұлтан Зиядаев иеленді. Оған 500 мың теңге тапсырылды. 2 орын және 300 мың теңге сертификаты Расул Бекмағамбетовке бұйырды. 3 орын мен 200 мың теңге Асхат Тантаевқа табысталды. Роликтер әлеуметтік желілерде жарияланып, сондай-ақ жергілікті телеарналардан көрсетілетін болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521