Атырауда Covid-19 вирусына шалдыққандар саны 135

Теңіз кенішінің тағы үш жұмысшысының Covid-19 вирусын жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

4 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі расталған. Науқастардың екеуі 1989 жылы туған, біреуі 1969 жылы туған ер адамдар. Олардың барлығы – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің жұмысшылары. Бұған дейін коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болғаны үшін жұмысшылар карантиндік стационарға жатқызылып, олардан зертханалық сынамалар алынған болатын.

- Төртінші науқас 1969 жылғы әйел адам. Ол бұған дейін қауіпті топтың қатарында болған. Әйел адам жоспарлы ПЦР тестілеуден өтті. Нәтижесінде коронавирус инфекциясы расталды. Осылайша, Атырауда вирустың жаңа ошағы анықталып отыр, - деп нақтылады төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік шұғыл штаб.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, оқшаулануда.

Ауру ошақтарында залалсыздандыру жүріп жатыр. Атырау облысында 29 сәуір күнгі жағдай бойынша 135 адамнан коронавирус инфекциясы расталып отыр.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика