Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты Атырау облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа ауысты, деп хабарлайды ATPress.kz.
15 наурызда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары тұр.
Ал «сары» аймаққа Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары кірген.
Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.
Сонымен қатар, Қазақстан матрицаға сәйкес «сары» аймақта орналасқан.
ATPress.kz