Атырау гарнизонының әскери қызметшілері 40 литр қан тапсырды

Дүниежүзілік донорлар күніне орай Атырау гарнизонының 100-ге жуық офицерлері мен келісімшарты бойынша әскери қызметшілері қалалық қан банкін толықтырды.

Қан тапсыру үшін әскери бөлім аумағында мобильді қан қабылдау пункті жұмылдырылды.

- Қан тапсырмас бұрын донорлар қан тобын анықтау үшін алдын-ала тексеруден өтті, сонымен қатар сауалнаманы толтырып, денсаулық жағдайы бойынша дәрігермен сұхбаттасты. Әскери қызметшілер қаланың қан банкін толтыру үшін үнемі қан тапсырып отырады, - дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы Басқармасының медициналық қызметі бастығы подполковник Нағысхан Оразмбетов.

img-20210615-wa0015

Дәрігерлердің айтуынша, ұдайы қан тапсыру ағзаға жақсы әсер етеді, донорлар сирек ауырады және өздерін жақсы сезінеді.

Әскери қызметшілердің өздері донорлықтың қаншалықты маңызды екенін түсініп, ат салысып отыру қажет деп санайды, өйткені олардың әрекеті біреудің өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Осындай іс-шараларды әскерилер бес жылдан бері, жылына екі рет ұйымдастырып отырады.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика