19 қыркүйекте бүкіләлемдік тазалық акциясы өтеді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарға үндеу жасады.

– Ел бойынша еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады. Өз аулаңызды, айналаңыздағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы акцияға Сіз де үлес қоса аласыз, – деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында.

Мырзағалиевтың айтуынша, жыл сайын 19 қыркүйекте бүкіл әлемде «World cleanup Day» акциясы өтеді. Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Былтыр шара 169 елдің азаматтарын біріктірген. Ол барлық қазақстандықтарды сенбі күні осынау ауқымды шараға белсенді қатысуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика