Еңбектеріңіз жана берсін!

Ғасырға жуық тарихы бар, туған өлкеміздің өткені мен қазіргі өмірін шынайы суреттеп отырған, ұлтымызға талантты ақын-жазушылар сыйлаған қасиетті өлкеміздің әрбір белестерін, сонымен қатар жерлестеріміздің жетістіктері мен туған топырағымыздың гүлденуін әсерлі түрде жазып отырған сүйікті газетіміздің мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл киелі баспа орны ауданымыздың әрбір жанұясының мүшесі болып алды деп айтуға толық хақымыз бар. Оның себебі - әлемнің қай жерінде жүрсек те «Дендер» газетінің кезекті нөмірі қолымызға түсе қалса, жақынымыздан келген хаттай құныға оқимыз. Әрі ауылымызға келген сайын анамыз жинап қойған газеттерді оқуға бір күнімізді әдейі арнайтынымыз үйдегілерге де аян.

Бұл газеттің алғашқы редакторларының бірі болып, менің туған нағашым - Мақажан Қабиев жұмыс істеген. Ол кісінің жазу стилі, журналистік қаламының өзгешелігі, жеке таланты туралы Сіздің баспаның бетінде талай рет жазылған. Ол мен үшін және оның туған қарындасы, бүгінгі күні 83-ке келіп отырған менің анам жарсуаттық Сағындықова Сәуле үшін де үлкен мақтаныш.

Құрметті Жанай Исламғалиұлы! Бүгінгі қуанышты күні Сізді және Сіз басқарып отырған «Дендер» газетінің ұжымын мерейтойымен құттықтап, сіздерге табысты еңбек тілей отыра, тарихы бай, жері қазбалы, киелі Индер ауданының өркендеуіне қосып отырған ерен еңбектеріңізге алғыс білдіремін!

Құрметпен, ерекше тапсырмалар жөніндегі елші

Жалғас ӘДІЛБАЕВ

Нұр-Сұлтан қаласы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз