Жас ғалым І.Жансүгіровтің жарияланбаған 18 кітабын тапқан

Қазақ поэзиясының Құлагері, Алаш арысы Ілияс Жансүгіровтың бұрын еш жерде жарияланбаған 18 кітабы табылды.

Ол Ресейдің мемлекеттік мұрағат қорларынан шыққан. Құнды жәдігерлерді жас ғалым Елдос Тоқтарбай тапқан. Аталмыш шығармалар жуырда қайтадан басылып шықпақ. Сонымен қатар Жансүгіров өз қолымен жазған 73 құжаттың көшірмесі жасалынды.

Ал Елдостың еңбегі ескерусіз қалмады. Ол І.Жансүгіровтың 125 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған байқаудың жеңімпазы атанды.

Елдос Тоқтарбай, алаштанушы:

- Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Ілиясты зерттеу мәселесін болашақта да жалғастырамыз. Ойларымыз, жоспарымыз бар. Құдай амандық берсе, Жансүгірұлын және оның ұрпақтары, құғын-сүргінге ұшыраған жақын туыстары, әкесі және тарагедиялық махаббаты, отбасылық мәселесі де жеке зерттеледі деген жоспарым бар.

Материал 24.kz сайтынан алынды

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика