Сынақ кітапшалары қолданыстан алынып тасталды

Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған қағаз сынақ кітапшалары алынып тасталды. Бұл туралы Дендер газеті Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен студенттердің, магистранттар мен докторанттардың сынақ кітапшаларын алып тастау бойынша бұйрық әзірленді. Бұл оқу үрдісін жеңілдетіп, бюрократияны айтарлықтай төмендетеді.

Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйесінде, кейін транскриптте белгіленетін, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың оқу жетістіктерінің тарихи деректері жүргізіліп жатады. Транскрипт студенттің сұранысы бойынша оқудың кез келген кезеңінде беріледі. Бұл жаңалық 604 345 студент, 35 690 магистрант және 6 363 докторантқа қатысты», - делінген министрлік хабарламасында.

Айта кеткен жөн, бір сынақ кітапшасының құны орташа есеппен 380 теңгені құрайды. Жалпы, цифрландыру заманында барлық білім беру жүйесі біртіндеп онлайн-форматқа көшуде.

"Дендер" - Ақпарат

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика