Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов министрліктің алқа мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz
- Орта білімді дамыту үшін латын графикасын еңгізе отырып, 2023 жылдан бастан 12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу көзделіп отыр. Бұл үшін біз өте ауқымды жұмыс атқаруымыз керек. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары жаңартылуы керек, – деді Асхат Аймағамбетов.
Министрдің мәлімдеуінше, болашақта математика, тілдер және информатика сияқты пәндерге ерекше назар аударылады.
- Оқулықтарды сапалы әзірлеу үшін оның құрылымы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай талап бекітіледі. Бұл үшін тиісті заңнамаға өзгеріс енгізілді,– деді министр.
ATPress.kz