Қазақ даласында ағарту жұмыстарын жүргізіп, елді оқу-білімге үндеген ағартушы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісіне Индер аудандық қос ұстаз ие болды.
Оны жақында облыс әкімі М.Досмұхамедов тапсырып, құттықтады.
Оны Жамбыл атындағы орта мектептің директоры, Білім беру саласының үздігі Майра Сабирова мен елтайлық М.Сиранов атындағы орта мектептің ардагер-ұстазы Мадина Оспанова да марапатталып, қуанышқа кенелді. Осы куәлік жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталғандығы туралы» деп көрсетілген А.Аймағамбетовтің қолы қойылған куәлікте.
Ұзақ жылғы ұстаздық еңбектері еленген қос мұғалімнің мерейлі марапатына әріптестері де дән риза болып, құттықтау үстінде.
С.ҰЗАҚҚАЛИЕВ