Индерде соңғы қоңырау алғаш рет онлайн өтті

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау онлайн режимде соғылып, тұңғыш рет оқушылар мектептерімен үйде отырып қоштасты.

Оқу жылының аяқталуына арналған шараны оқушылар мен ата-аналар, ұстаздар ақпараттық технологиялардың көмегімен тамашалады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранынан бастау алған соңғы қоңырау шарасын сынып жетекшілері жүргізіп, кейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бейне құттықтауын зор қуанышпен тамашалады. Сондай-ақ әр білім ұясы мектеп директорлары мен, бөлім, мекеме, қоғам белсенділерінің жылы лебіздерін де тыңдады.

Айта кетейік, биыл аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің берген мәліметі бойынша ауданда 6015 оқушы мектеп бітіреді. Олардың 11 сыныпты аяқтағалы отырған 297-і оқушының 241-і ҰБТ тапсыруға онлайн өтініш беріпті.

Сондай-ақ 15 түлек «Алтын белгіге», 4 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды.

Осылайша, оқушылар мен ата-аналар, ұстаздарымен қимастықпен қоштасты.

Диас АЙБАР

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521