Ерекшелігімен есте қалар алғашқы қоңырау

Индер ауданында қоңыр күздің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 қыркүйек білім күні биылғы жыл ерекше қуанышты сәтпен басталды. Өйткені ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің мектеп бағдарламасына қайта оралуын ұстаздар да, ата-аналар да ерекше қуанышпен қабылдауда.

Біз Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепке барғанымызда осыны аңғардық. Барлық санитарлық талаптар сақталған шара тек қана бірінші сыныпқа қабылдаған бүлдіршіндер үшін ашық аспан астында өткізілді. Еліміздің әнұраны асқақтап ашылған шарада мектеп директоры Роза Дәулетова сөз сөйлеп, білім күнінің маңыздылығына тоқталып, барша жиналғандарды құттықтады. Жаңадан мектеп табалдырығын аттаған оқушылар үшін алғашқы қоңырау салтанаты «Кел, балалар, оқылық!» тақырыбымен ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндерге алғаш әріп танытар кітаптар салтанатты жағдайда табыс етілді.

Аталған мектепке биылғы жылы 3 қазақша, 2 орыс бастауыш сыныптарына 125 бала қабылданған екен. Аудандағы іргелі білім беру орыны болып саналатын аталмыш білім орынында 2 және 11 сынып оқушылары үшін алғашқы сабақ ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбына арналды. Сабақ барысында оқушыларға осы уақыт аралығында еліміздің жеткен жетістіктері баяндалды. Жалпы, аудан мектептері бойынша жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 652 оқушы қабылданған.

Оның 545-і қазақ, 107-і орыс сыныптарында білім алуды ұйғарып отыр. Өткен жылы аудан мектептерін 6167 оқушы аяқтаған болса, жаңа оқу жылында айтарлықтай өсім байқалып отыр.

Сұңқар КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT