Аудан бойынша 1 сыныпқа 652 оқушы қабылданды

Қоңыр күздің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін 1 қыркүйек білім күні биылғы жыл ерекше қуанышты сәтпен басталды.

Өйткені ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің мектеп бағдарламасына қайта оралуын ұстаздар да, ата-аналар да ерекше қуанышпен қабылдауда. Біз Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепке барғанымызда осыны аңғардық. Барлық санитарлық талаптар сақталған шара тек қана бірінші сыныпқа қабылдаған бүлдіршіндер үшін ашық аспан астында өткізілді. Еліміздің әнұраны асқақтап ашылған шарада мектеп директоры Роза Дәулетова сөз сөйлеп, білім күнінің маңыздылығына тоқталып, барша жиналғандарды құттықтады. Әсіресе бір кездері «Әліппені» оқып алғаш рет әріп таныған ата-аналар жүзіндегі ерекше сәтті өздері жеткізді.

Айта кетейік, аудан мектептері бойынша жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 652 оқушы қабылданған. Оның 545-і қазақ, 107-і орыс сыныптарында білім алуды ұйғарып отыр. Өткен жылы аудан мектептерін 6167 оқушы аяқтаған болса, жаңа оқу жылында айтарлықтай өсім байқалып отыр.

Сұңқар КӨШЕКОВ

 

Сурет әлеуметтік желіден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT