Атырау «Күнделік» журналының үздік үштігіне енді

Атырау облысы еліміз бойынша «Kundelik.kz» электронды журналын жүйелі толтырып жүрген үздік үш өңірдің қатарынан табылды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы келген «Күнделік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Мұқтар Ілиясов Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға «Күміс белгіні» табыс етті.

img-20210616-wa0039

Өз кезегінде Бақытгүл Қайыржанқызы білім сапасын арттыру бағытында да жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге мол мүмкіндік пен барлық жағдай жасалып отырғанын атап өтті.

img-20210616-wa0037

img-20210616-wa0042

Айта кетейік, облыста 197 мектептің 184-і электронды журналмен жұмыс жасайды. Үздіктерді анықтау жобасын журнал басшылығы биыл алғаш рет қолға алып отыр. Оның нәтижесі Атырау облыстық білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының әлеуметтік желілеріне жарияланып, тоқсан сайын үздіктер алғыс хаттарға ие болды.

img-20210616-wa0040

Бұдан бөлек, Атырау облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар гимназияда өткен салтанатты шарада бірқатар мектеп ұстаздары марапатталды.

img-20210616-wa0038

Атап айтқанда, сандық технологияларды пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруде жыл бойы көш бастаған тоғыз мектеп ұжымы арнайы диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.

img-20210616-wa0041

Бұл қатарда Исатай орта мектебі, Махамбет ауданынан Е.Ағелеуов, Жалғансай, Қосарал, Қ.Ахмедияров атындағы, Мақаттан Л.Шахатов және А.Құнанбаев атындағы, Индерден «Көктем» қазақ мектебі және Жылойдан №4 М.Әуезов атындағы білім ордасы бар.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика