Қашықтан оқитын балаларға үй тапсырмасын беруге өзгеріс енгізілді

Қашықтан оқыту кезінде оқушыларға үй тапсырмасынан бөлек қосымша тапсырма берілмейтін болды. Бұл жөнінде ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ брифингінде айтты деп хабарлайды 24.kz әлеуметтік желісінде.

«Балалар кезекші топтарда оқығанда сынып тапсырмаларын орындайтыны белгілі. Оны сыныпта отырып істейді. Одан соң үйде орындауға арналған үй тапсырмасы беріледі. Ал оқушы қашықтан оқыған кезде үй тапсырмасынан бөлек сыныпта орындалуы керек тапсырманы да беру жөнсіз. Былтыр төртінші тоқсанның басында біз оны өз көзімізбен көрдік», - деді.

Ол балалар үшін, ана-ана мен мұғалімдер үшін де үлкен жүктеме болғанын айтып өтті.

«Қазіргі уақытта қашықтан оқытудың өзі үйден оқу екенін, онда берілетін тапсырманың барлығы үй тапсырмасы екенін ескере отырып, үй тапсырмасын бөлек оқу тапсырмасын да берудің қажеті жоқ. Сондықтан оларды біз бірыңғай оқу тапсырмасы етіп біріктірдік», - деді министр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT