Зорлық-зомбылыққа жол берілмейді


      Әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында 13-21 маусым аралығында аудан көлемінде «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» атты акциясы өтуде.
Бүгінгі қоғамда тұрмыстық зорлықтың 4 түрі болуы жиі орын алып отыр. Олар:  
1) денсаулыққа қасақана физикалық күш немесе физикалық ауыртпалық көрсету;
2) адамның эмоциясына немесе психикасына әсер ету: қорқыту арқылы, қоқан-лоқы көрсету, балағаттау, сынау, кінәраттау және т.б әрекеттер;
3) басқа адамға қатысты сексуалдық сипаттағы кез келген әрекетті қолдану;
4) бөгде біреудің ақшасын немесе тұрғын үй, тағам, киім сынды материалдық ресурстарын жұмсау.
     Ендеше, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған жағдайда қайда бару керек деген сауал туары анық. Шындығында, отбасылық қарым-қатынастағы құқыққа қайшы әрекеттердің басым бөлігі жасырын түрде қалып қалады. Осылайша зорлық-зомбылықтың құрбандарына көмек көрсету мәселесін қиындатады. Әйелдердің көбі бұл жайлы айтуға қорқады, туыстары мен жақындарынан ұялады. Сондай-ақ олар бұл жағдайдан кейін ажырасамыз деп қорқады.
Тұрмыстық зорлық құрбаны болғандармен жұмыс істейтін ішкі істер оргындары мен басқа да мамандардың мақсаты – отбасыны ажырастыру емес. Олардың мақсаты – әйелдерге қажетті көмек беру тіпті уақытша баспана ұсыну. Бірақ мұндай кезде әйелдер шешімді өздері қабылдайды.

                                                                                                                                                                                                                                                    Индер ауданы полиция бөлімі жергілікті полиция қызмет бөлімшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT