Жылқы таңбалау

Суретте: "Әлихан" шаруа қожалығының төрағасы Қайыржан Әдиров

Бұл мезгілде қолында малы барлар жаппай науқандық жұмысқа кіріседі. Түлікке ен салынып, еркек мал кестіріліп, ветеринарлардыңда "қолы шығатын" шақ. Біз Қызылтөбе, Төсқұдық құмдарынан ор қояндай орғып Қарсақбайға жеткенімізде үй маңында жайылып жүрген күркетауықтарды көрдік. Қырда жайқалған шөп, бағымға оңай болса керек. Дегенмен, күтімді қажет етеді, әрине. Мұнда Айтқали Жәлиевтің «Алтын ана» шаруа қожалығы орналасқан. Атакәсіпті ұстанған еңбекқор жандар бие сауып, халықты саумалмен қамтамасыз етеді. Кідірген соң үйден ұлы Нұрлан шығып, аман-саулық сұрастық. Қабағы қатыңқы ол:

– Қыста неге араламадыңдар,- деп ренжулі кейіп танытты. Оның да жөні бар. Қыстағы боранда малшылардың жағдайын біліп тұру да маңызды.

Одан әрі жүре түсіп, Қалыбай қыстауына аялдадық. Онда жылқы таңбалау, айыру жұмыстары жүріп жатыр екен. Мұндағы «Әлихан» шаруа қожалығының басшысы Қайыржан Әдиров келген азаматтарға жөн айтып, бар шаруаны үйлестіріп, төрт түліктің қамын жасауда.

Жалпы жолшыбай құлпытастарға да соға жүріп, олардың құпиясын ашуға тырыстық. Ол - бөлек әңгіме.

Ж.Амантурлин

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT