Журналистерге миллион теңге көлемінде сертификат беріледі

Бұған дейін екі жылда бір рет беріліп келген​ Тауман Амандосов атындағы сыйлық бұдан былай журналистер арасында​ жыл сайын иегерлерін анықтайтын болады.

Және әр номинацияға 500 000 теңге ақшалай сыйақы тағайындалады. Бұл туралы​ БАҚ өкілдерін онлайн конференция арқылы жинаған Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлімдеді.

«Тауман Амандосов атындағы сыйлық иегерлері бұған дейін​ 4 номинация бойынша анықталып келген еді. Ендігі жерде номинация саны​ 10 -ға​ дейін жетіп отыр. Әр номинация иегеріне​ 500 000 теңге ақшалай сыйақы беріледі.​ ​ ​ Бұрын сыйақы көлемі​ 150 000​ теңге​ ​ болатын. Тағы бір қуанышты жаңалық сол,​ журналистерге баспана алуға қолдау көрсету мақсатында алғашқы жарна ретінде 1 миллион теңге сертификат беріледі. Аталмыш сертификат бір мезгілде​ 5 адамға беріледі деп күтілуде» деп атап өтті онлайн жиын барысында​ Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлімдеді.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Art.kz 

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика