Жұмыртқа бағасы қымбаттап жатыр

Баға шамамен 10-15 процентке өседі деген болжам бар. Оған не себеп?

Биыл Қазақстанда жұмыртқа қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды "Dender" басылымына 24.kz сайты сілтеме жасап.

 Баға шамамен 10-15 процентке өседі деген болжам бар. Оған не себеп? Қазақстан базарларында жұмыртқа қымбаттап жатыр. Оған негізінен екі фактор әсер еткен. Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы төрағасының айтуынша, өнім бағасы тікелей дәнді дақылдардың құнына тәуелді. Яғни өзіндік құнының 60 проценті осы өнімге байланысты. Өткен жылы елдегі қуаңшылыққа байланысты Қазақстанда өнім аз болғаны белгілі.

Әрине бұл бидайдың қымбаттауына әкелді. Сарапшылардың айтуынша, жұмыртқаның қымбаттауына әсер еткен тағы бір фактор мемлекет тарапынан берілетін субсидияның қысқаруы.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 35 құс фабрикасы жұмыс істейді. Олар отандық нарықты жұмыртқамен толық қамтамасыз етеді. Былтыр олар 4 жарым миллиард жұмыртқа өндірді. Шет елдерге 700 миллион жұмыртқа экспортталды.

Бұл жалпы өнідірістің 15 процентіне тең.

 

 

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика