Жолдың сапасы маңызды

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев автожол мәселесіне тағы да назар аударды. Еліміз үшін  айрықша маңызды  күре жолдардың жөндеуі ұзақ мерзімге созылып отырғанын сынады. Оның ішінде өңірімізге қатысты «Атырау – Астрахан» жолы да бар. 
«Биыл осы жұмыстар біржола аяқталуға тиіс. Жалпы, жол мәселесіне келгенде бір ғана мақсат болуға тиіс. Республикалық немесе аймақтық жол болсын, еліміздегі жолдың бәрі сапалы болуы керек. Әзірге жағдай мәз емес», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ия келісіміз, жолдың алдымен сапасы маңызды. Өзіміздің "Атырау-Индер"  автокөлік жолы салынғанда баршамыз қуанып қалып едік. Жол жүргесін  Жайықтың Бұқар бетіндегі ауылдарының шырайы кіріп, тұрмыс-тірлікке жан біткен еді. Әттеген-айы жаңа жол 10 жылға жетпей-ақ күйі кетті. Өкінішке орай жолдың сапасыздығы жол апатының жиілеуіне әкеліп соғады. Әрине көлік иелерінің табан ақы, маңдай терін сыдырып берген  көліктері  жаман жолдардың кесірінен талай бүлініп, олардың орынды наразылығын тудыратыны тағы бар. 
Былтыр аталмыш  автокөлік жолының Индер ауданына қарасты 50 шақырым  бөлігіне   орташа жөндеу жұмыстары басталғаны қуантарлық. Сонымен қатар былтыр Индербор кентіндегі жаңадан қалыптасып жатқан  "Болашақ"  мөлтек ауданына көптен күткен жолдың құрылысы да басталды. “Шығыс” мөлтек ауданына мен кент орталығындағы  бұған дейін жолы салынбай қалып қалған  көшелерге, яғни Индербор кентішінің өзінде барлығы 30 шақырымдай  асфальт жолын төселу жоспарлануда.
Әрине, игі істің уақытында жүзеге асқанын қалаймыз. Ал бастысы жолдың сапалы болуына басты назар аударылса дейміз. 

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT