Жолдаудың оң нәтижесі


  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жасаған бүгінгі Жолдауын  зейін қойып тыңдап шықтым. Әсіресе, Жолдауда  бюджет саясатын жетілдіру мәселелеріне тоқталғанына зер салдым. 
  Президентіміз бұған дейін де айтып өткендей бюджет саясатына біртіндеп реформа жасалып, бюджет кодексіне шекті нормативтер бекітіліп оны бюджетті жоспарлауда және орындауда міндетті түрде ұстану қажеттігін және бюджет үрдістерін барынша жеңілдетіп, мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдырылуына мүмкіндік беріп, сол арқылы ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады. Сонымен қатар, бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керектігін айтқан болатын.  Елдегі ақшалай қаражатты есепке алуды және    оны бақылауды қамтамасыз ету және экономикалық құрылымдарын, ең алдымен барлық мемлекеттік қаржылық басқару саласын реформалау бойынша күрделі мәселелерін шешуде қазынашылық жүйесінің қызметі орасан зор.
Қазынашылық республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, өзін – өзі басқару бюджетінің атқарылуына қызмет көрсету саласын iске асырумен бiрге бюджеттердiң атқарылуы бойынша операцияларды есепке алуды және қолма-қол бақылау шоттары мен мемлекеттiк мекемелердiң шоттары бойынша операцияларды жүргiзудi қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады. 
Бұған дейін де президентіміздің жолдауы іске асырылып барлық мемлекеттік мекемелер толықтай «Қазынашылық – Клиент» электрондық құжат айналымы ақпараттық жүйесіне қосылған болатын. 
Аудандық Қазынашылық басқармасы өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және заңды күшi бар нормативтi-құқықтық актiлерге, аудандық басқарманың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырып келедi. Түсiмдер мен шығыстар бойынша бюджеттiң атқарылуына қазынашылық қызмет көрсету рәсiмдерiн қазынашылықтың бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiнде жүзеге асырады.
Басқарма бюджет қаржысының тиімді пайдаланылуын бақылаудың талаптарына сәйкес қазынашылық органдары белгіленген қаржы жылына міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларымен бекітілген жылдық тағайындаулар шегінде мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық келісім-шарттарын  тіркейді. Бұл олардың уақытылы төленуін қадағалауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және кредиторлық берешектердің құралуына кедергі болады.
           Бюджеттердің орындалуына сапалы қызмет көрсету және кірістер мен шығыстар бойынша есеп мәліметтерін тексеруді қамтамасыз ету мақсатында қазынашылықтың ақпараттық жүйесі әрдайым жаңартылуда және жетілдірілуде. 

Гүлдариға Чуйншқалиева,
Индер аудандық қазынашылық 
басқармасының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT